Қытайда өлім жазасына кесілген Қазақстан азаматы елге қайтарылды

Бүгін есірткі сатты деген айыпппен Қытайда өлім жазасына кесілген Қазақстан азаматы Үрімжіден елге жіберілді. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов “Фейсбуктегі” парақшасында хабарлады.

Фото: Ануар Жайнаков

Оны Қазақстанға жіберу туралы мәселені Қазақстанның Қытайдағы Елшілігі, ҚР Бас прокуратурасы және Қытай Әділет министрлігі қарастырды.

28 жастағы Алматы облысының азаматы  2009 жылы Гуанчжоу қаласында есірткі тасымалдады деген айыппен ұстаған болатын. Ол өлім жазасына кесіліп, үкімді орындау мерзімі 2 жылға шегерілді.  2011 жылы үкім өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасымен ауысты.

Қытайдан 2017 жылдың басынан бері 4 азамат, 2015 жылғы тамыздан бері 15 сотталған азамат Қазақстанға қайтарылды.

Тағы оқыңыз:

Қытай түрмесінде жатқан Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға қайтарылуы мүмкін

Үндістандық жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қыз АҚШ-тан іздестіріліп жатыр

СІМ:Кореяда заңсыз жүрген қазақстандықтар адам өлтіруге дейін барады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар