Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда өлі сәби кремация алдында тіріліп кетті

Қытайда өлі деп танылған сәби дәл кремациялау алдында тіріліп кетті. Бала мәйітхананың мұздатқыш камерасында бір тәулікке жуық болған.

650a479003350ec350a2f9ea7ff1f06b_XL

Сурет telegraf.com.ua сайтынан алынды

Бұл туралы 24.kz сайты хабарлайды.

Ұл бала 8 қаңтар күні Чжэцзян провинциясында мерзімінен екі ай бұрын дүниеге келген екен. Ата-анасы дәрігерлердің айтқанына құлақ аспай, баланы инкубатордан алып кеткен. Екі күн өткеннен соң сәби ауырып, көз жұмады.

Дәрігерлер оның өлгендігін растаған. Оның денесі 23 сағат бойы -12 градустық температурадағы мәйітханада жатады. Ертеңінде оны кремациялау үшін алып шыққан уақытта сәби жылай бастайды. Бұл жағдайдан кейін оның өлгендігін растаған дәрігердің өзі аң-таң болып отыр.

Талқылау