Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда мектеп-интернат оқушыларын дәретхана орналасқан ғимараттарға тұруға мәжбүрледі

Қытайдың оңтүстік-батысындағы мектеп-интернет оқушыларын бұрын дәретханалар орналасқан ғимаратта өмір сүруге мәжбүрлеген.

ssss

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

Жағдай Гуйчжоу провинциясы Тунжэнь қаласындағы №15 орта мектепте болған. Желіде пайда болған суретке қарағанда, бұрынғы дәретхана тесіктерінің үсті жабылып, оның орынына оқушыларға арналған кереуеттер орналастырылған. Ал тәрбиеленушілер болса жөндеуден кейін де ғимаратта жағымсыз иістің қалып қойғандығына шағым білдірген.

Ал мектеп әкімшілігі болса, жаңа оқушылардың көптеп келуіне байланысты, осындай шешім қабылдадық деп түсіндірген.

“Бізге мұнда еркінсу үшін емес, оқу үшін келдіңдер. Сол себепті барлық қиындық пен жағымсыз жағдайларға шыдайсыңдар деп айтты”, – дейді аты-жөнін құпия ұстаған оқушылардың бірі. Мұндай жерде тұруға келіспегендер мектеп жанынан пәтер жалдап тұрып жатыр.

Талқылау