Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда қазақстандық студент қыз 14-қабаттан құлап көз жұмды

Қытайдың Судьжоу қаласында 19 жастағы қазақстандық студент қыз 14-інші қабаттан құлап, қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайғылы жағдайды ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов растады.

«Қазір бұл дерек бойынша Қытай полициясы тергеу жүргізіп жатыр. Пәкістанның екі азаматы ұсталды. Кейінірек олардың біреуі қолхатпен босатылды. Қайғылы жағдай туралы Шанхай қаласындағы Қазақстан Консулдығы анықтап білді. Олар қыздың туған-туыстарына хабар берді. Консулдық қызметкерлері қыздың ата-анасына Қытайдан қорғаушы табуға қол ұшын берді», – деді Әнуар Жайнақов.

Қайғылы оқиға 1 желтоқсан күні Шанхай қаласынан 100 шақырым жерде орналасқан Судьжоу қаласында болды. 1999 жылы Алматы облысында туған студент қыз Судьжоу қаласындағы университеттердің бірінде 2-курста оқып жүрген.

Алдын ала мәліметке сүйенсек, 1 желтоқсан күні Пәкістан азаматы қазақстандық бойжеткен мен оның құрбысын өз туған күнін атап өтуге шақырған. Пәтерде ҚР-дың екі азаматшасынан бөлек, тағы бір пәкістандық болған. Ер адамдар ішімдік ішіп, қыздарға қол жұмсай бастаған соң, олардың бірі пәтердің бір бөлмесіне қашып кіріп, есікті іштен жауып алған. Біршама уақыттан соң бөлмеден шыққан қыз құрбысының 14-інші қабаттан құлап кеткенін көрген.

ҚР СІМ баспасөз қызметі басшысының айтуынша, әзірге қыздың өзі секіріп кеткені, болмаса біреудің итеріп жібергені нақтыланған жоқ. Дегенмен, сот-медициналық сараптаманың нәтижесінде қыздың биіктіктен құлау салдарынан көз жұмғаны расталды.

Сондай-ақ сараптама оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмағанын көрсеткен.

«Шанхайдағы Қазақстан Консулдығы мен ҚХР-дағы Қазақстан елшілігі бұл мәселені өзінің тікелей бақылауына алды. Марқұмның денесі 25 желтоқсанда Қазақстанға жеткізілді. Оған ҚР елшілігі барынша көмек көрсетті», – деп атап өтті Ә.Жайнақов.

Қытайдағы ресми өкілдің хабарлауынша, мерт болған қыздың құрбысы Судьжоудағы оқуын жалғастыруда.

Оқи отырыңыз:

Құқы жоқ: Бақытбек Есентаевтың қарындасы Тұрым Алагөзовтің кешірім сұрауын талап етті

Сабақ алдым: Ақбота Сейітмағамбет қателіктерін қайталамауға уәде берді

Ұшақ бортының қызметкерлері Мақпал Жүнісоваға тосынсый жасады (видео)

Ерке Есмахан Дубайды Ferrari-мен аралағанын айтып мақтанды (видео)

Баян Алагөзованың кеңсесіне ұры түсті

Талқылау