Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда қайтыс болған баланың денесін туыстары Қазақстанға алдыра алмай отыр

Жол апатынан қайтыс болған студенттің денесін елге алдыруға жақындарының қаржысы жоқ. Бүгін үшінші күн оның денесі Гуанчжоу қаласында мәйітханалардың бірінде жатыр.

1

Бұл туралы ктк арнасы хабарлайды.

Қайтыс болған Ерлан Амангелдінің туыстары баланың мәйітін алдыру үшін 14 мың АҚШ доллары керектігін айтады. Қазір олардың қолында студенттің достары жинап берген қаржы ғана бар екен. Оның өзі қажетті қаражаттың жартысы. Қазір азалы отбасы қажетті қаражатты жан-жақтан іздеп жинап жатыр. Бұдан бөлек, СІМ- де құжаттарды реттеуге көмектесетіндерін айтқан.

Есте болса, Қытайда  жол апатына түскен Қазақстан азаматы сол күйі өзіне келмей жан сақтау бөлімінде  18 күн  жатты.9 желтоқсан күні жүрегі тоқтады деген суық хабар келді. Студент  мопедте кележатып  тізгінді басқара алмай жол жиегіндегі қоршауға қатты соғылған еді. Оқиға болысымен ауруханаға жеткізілген ол сол күйі есін жиа алмады.

Талқылау