Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда қара нәсілді адамды “ағарту” туралы жарнама жанжал тудырды

Қытайда шыққан кір жууға арналған ұнтақтың жарнамасы көпшіліктің наразылығын тудырды.

160527105437_chinese_laundry_detergent_ad_640x360_qiaobi_nocredit

Қытайлық бойжеткен бөлмеге қара нәсілді досы кіріп келген кезде кір жуып жатады. Артынша ол аузына ұнтақ таблеткасын салып, жігітті кір жуу мәшинесіне кіргізеді. Жуылған соң жігіт мәшинеден аппақ болып шыға келеді. Ал қыз мұны көріп қатты қуанып қалады.

Бір ай бұрын түсірілген бұл жарнама аталған елдің кинотеатрларында, теледидарларында үздіксіз көрсетіліп жатыр. Ал фейсбук желісінің қолданушылары оны енді ғана байқап, бір-біріне таратқан.

Жарнама танымал диджей Спенсер Тарринг, Қытайда тұрып жатқан америкалық азамат Кристофер Пауэлл бөліскен соң асқан танымалдылыққа ие болған. Аталған жарнама Қытай БАҚ өкілдерінің назарына ілікпесе де, шетелдік басылымдарда қызу талқыланған.

160527133638_china_detergent_ad_624x351_qiaobi

Жарнаманы көргендердің бірі “О, жаратқан мына жарнаманы әзірлеген маркетологиялық команданың ұлтаралық қақтығыстар туралы түсінігі жоқ па?” деп пікір білдірген.

160527163519_china_detergent_ad_laundry_624x351_qiaobi_nocredit

“Мен бұл жарнама туралы кішкене білемін. Шындығында, бұл роликке анау айтқандай назар аудармаппын”, – деп Qiaobi ұнтағын шығарушы компанияның басшысы Цзиа мырза арам пиғылының болмағанын жеткізді.

160527133451_china_detergent_ad_624x351_qiaobi

Бұл Қытайдағы ұлтаралық қақтығыс тудыруы мүмкін деп бағаланған алғашқы жарнама емес. Мысалы, осы уақытқа дейін Қытайда қара нәсілді адамдарға арналған Darlie тіс пастасы жарнамаланған.

Талқылау