Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда қалта телефоны қазаға ұшыратты

Қытайда ұялы телефонды қуаттау үшін тоқ көзіне сұғылып тұрған сымның ұшын аузына салған бір жастағы сәби мерт болды. Бұл туралы Қытайдың «тұрмыс 100» әлеуметтік парақшасы хабарлайды.

20712-6-_alta_telefony_aza_a_s_ru

Бұл туралы Namys.kz сайты жазды.

«Телефонға тоқ толтыру әдеттегі іс, алайда, мына оқиғадан кейін оған салақ қарауға болмайтынын түсінесіз» деп жазады аталмыш парақша.

Үйде ойнап отырған бала тоқ көзіне сұғулы қалған сымның ұшын аузына салған. Нәтижесінде даусы шығып үлгерместен жан тапсырған. Бұл хабарды Қытайдың бүкіл әлеуметтік желісі таратып, әркім өз парақшаларында бөліскен. «Бұл ата-аналарға ескертпе! Сондықтан әр-біріміз өз мүмкіндігімізше таратуға міндеттіміз» деп жазады әлеуметтік желі қолданушысы Жаң ми.

Талқылау