Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда қалған қазақтар біртіндеп босатыла бастады

Қытайдан қазақтардың елге қайтарылуына СІМ Қытай билігіне нота жіберіп, БҰҰ Еуропарламент деңгейінде мұсылмандардың көрші елде қуғын-сүргін көріп жатқанын сөз қылуы себеп болды.

Қытайда үйқамаққа жабылып, Қазақстанға келуіне рұқсат берілмей жатқан қазақтар әлі де аз емес. Алматыда туыстары көрші елден қайтара алмай жүргендер зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, президент атына арыз-шағымдарын жолдады, деп хабарлайды 31 арна.

Олар елімізге көшіп келген әрі Қазақстан азаматтығын алған қытай қазақтары. Атамекеніне жеткенімен күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылдық дейді. Туыстары Қытайда үйқамақта жабылып, түрмеге қамалған, жүріп-тұруына шектеу қойылған.

“Қызым сол елде туды. Бірақ Қазақстан азаматтығын алды. Оған қазір сегіз ай болды. Әйелім екі жыл бұрын визасын ұзартуға кетіп, содан келе алмай қалды. Қытай үкіметі шетелге шығатын паспортын тартып алған”, – дейді Алматы тұрғыны Қайрат Дәуітхаұлы.

Халықаралық қытай зерттеу институтының директоры Қыдырәлі Оразұлының айтуынша, соңғы уақытта паспорты тартып алынып, елге жіберілмей қойған мыңға жуық адам елге оралған. 50-ге жуық адам саяси лагерьден босатылды, алайда әлі де атамекенге жете алмай жатқан қазақ көп.

“Қытайда қысымға ұшырап жатқан қазақтар саны түпкілікті белгісіз. Егер батыстық мәліметтерге сүйенетінс болсақ, қазақ, өзбек, қырғыз, ұйғыр бәрін алғанда 800-1 млн. аралығында”, – дейді саясаттанушы Расул Жұмалы.

Белсенділер үкімет пен парламент депутаттарынан құралған комиссия құрып, көрші елдегі қандастарға қол ұшын беру керек деп есептейді. Ал, шағымын айтқандардың өтініші СІМ мен президентке, БҰҰ-на жолданатын болды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау