Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда ит тірідей жерленген сәбиді құтқарып қалды (видео)

Қытайдың Цзянцзинь қаласында ит тірідей жерленіп кеткен сәбиді құтқарып, оған өмір сыйлады.

Безымянный

Иттің иесінің айтуынша, ит бар күшін салып табанымен жерді қазып жатыпты. Қазылған шұңқырға жақындап келген ер адам ақ матаға оралған жылап жатқан сәбиді көреді.

Құтқарылған бала небәрі бір айлық екен. Сәби төменгі температурада және сирек жүрек соғысымен ауруханаға жеткізіледі. Қазір нәресте дәрігерлердің бақылауында ем-дом қабылдап жатыр.

Полиция нәрестенің туыстарын іздестіруде. Алдын ала деректер бойынша, ата-анасы оны өлді деп ойлап қателесіп жерлеп қойған болуы мүмкін.

 

Талқылау