Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда ерлі-зайыптылар 70 жылдан кейін үйлену тойларын қайтадан жасады

Қытайдың ерлі-зайыптылары Цао Юэхуа мен Ван Дейи 70 жылдық құт тойларын некелескен күніндей қайтадан сол жерде атап өтті.

Дәл сол күндегідей көйлекті, фатаны және күйеу жігітке берілетін гүл шоғын олардың төрт баласы тауып береді.

Олар 1943 жылы  Юньнаньда өткен студенттік балда танысқан. Екінші дүниежүзілік соғыста бұл қалашыққа Қытай азаматтарын көшірген болатын.

Артынан Цао әскери борышын өтеуге шақырылып, басында Мьянмада, артынан Индияда аудармашы болды. Ал Ван Қытайда қалды.

Цао соғыстан 1945 жылы қайтып келді. Сол жылы екеуі үйленіп, содан ажыраған емес.

Сол бұрынғы саябаққа келіп 70 жылдық Құт тойларын  атап, өмірдегі маңызды сәттерін естеріне алды.

«Олардың бастарынан не өтпеді?! Соғыс та, эпидемия да болды. Бірақ соған қарамастан жұптары жазылған жоқ. Әлі кұнге дейін бірін-бірі жақсы көреді. Сол махаббатың өшпеуін тілейміз», — дейді жұбайлардың 60 жасар ұлы Цао Панпей.

«Ерлі-зайыптылар әрқашанда бір біріннің қамын ойлап жүру керек. Ол – менің, мен – оның қамын әрқашан ойлап жүремін», —дейді Цао Юэхуа.

Рәсім өткен соң Ван күйеуіне қарап “Ертең 100-ге келсек, тағы осы жерге қайтып келейікші”, – деп сұрады.

 

Талқылау