Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда ер адам пойыз астына қарай секірген қызды құтқарып қалды (видео)

Қытайдың Путянь қаласында студент қыз пойыз астына түсіп өз-өзін өлтірмекші болған.

Қытайда ер адам пойыз астына қарай секірген қызды құтқарып қалды

Бұл туралы қытай ақпарат құралдары хабарлайды.

Оқиға сол маңдағы бейнебақылау камерасының нысанасына ілініп қалыпты.

Бекет қызметкері пойыз астына түсіп өлмекші болған қыздың қолынан тартып, оны ажалдан арашалап қалды. Оқиға 10 мамыр күні болған. Осылайша ер адамның арқасында қыз қайғылы жағдайдан аман қалды.

Құтқарушының өзі қыздың қолынан ұстау кезінде құлап басынан жарақат алған. Ол қатты құлағанына қарамстан, қызды мейлінше тартып пойыздан алшақтатып алып кетуге тырысқан.

 

Талқылау