Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда ер адам иттерді ұрлап, етін мейрамханаларға сатқан

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында полиция иттерді ұрлап әкетіп, оның етін мейрамханаларға сатып келген ер адамды ұстады, деп хабарлайды «Наньфан душибао» басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Сурет: Global Look Press/Han Yuqing

Тергеу жұмыстарының басталуына ғаламторда жарияланған видеожазба себеп болған.

Видеода мотоцикл мінген ер адам қашып бара жатқан итті атып құлатып, қапқа салып алып кеткен.

Ер адамның әрекетіне қатысты тергеу жұмыстары басталып, іздеу жарияланған. Ер адам үш күннен соң Хуэйчжоу қаласындағы үйлердің бірінен ұсталды. Оның үйінен екі арбалет және 130-ға тарта оқ табылды. Сондай-ақ, полицейлер боршаланған бірнеше иттің еті мен 21 тірі итті тауып алған.

Анықталғандай, ер адам күн сайын 40-қа дейін ит өлтіріп, етін жақын маңдағы мейрамханаға сатып отырған.

Қазіргі уақытта ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Оқи отырыңыз:

Ресейде мұз астына түсіп кеткен зейнеткер құтқарушыларға өзі қоңырау шалған

Ақтөбеде өртенген автобуста әкесі мен баласы және бірнеше ағайынды жанып кеткен

Өзбекстан президенті Ақтөбеде өрттен қаза болғандар туралы: Біз оларға жағдай жасай алмадық

Өзбекстанда Ақтөбедегі автобус өртінде тірідей жанып кеткендердің тізімі жарияланды

Талқылау