Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда енді WhatsApp бұғатталды

Қытай билігі ел ішінде WhatsApp хат алмасу қосымшасын бұғаттап тастады. Бұған жуырда өткен ҚХР коммунистік партиясының кезекті съезді себепші болған екен.

Бұл туралы The New York Times басылымы хабарлайды.

2009 жылы Қытай билігі Facebook пен Instagram желісіне тыйым салған болатын. Енді міне кезек WhatsApp мессенджеріне де келген сияқты.

Қытайлықтар WhatsApp желісінің дұрыс істемей тұрғанын ағымдағы жылдың шілде айында айтқан болатын. Қолданушылар бір-біріне сурет, видео, аудио жібере алмай қиналған екен. Енді хат та жібере алмай отыр.


Жіберіп алмаңыз:

Стив Джобстың қолтаңбасы 15 мың долларға сатылымға шығарылды

БАӘ-де әлемдегі ең салмағы ауыр әйел көз жұмды

Германия басылымы 28 Панфиловшылардың ерлігін жоққа шығарды

Жаңа өнімін таныстырған Apple 43 млрд доллар көлемінде шығынға ұшырады

Талқылау