Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда Димаш түскен видеолар бұғатталды

Қытайлық жанкүйерлер Димаш Құдайбергеновтың 5 кезеңде өнер көрсеткені таспаланған видеоларды аша алмай жатыр. Бұған аталған бейнероликтердің бұғатталуы себеп.

16908917_291689157915562_1949416910407860224_n

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

Әлеуметтік желі қолданушылары Димаштың әндерін тыңдай алмай жатқандарын жарыса жазып жатыр. Артынша мұндай жағдайдың не себепті орын алғаны белгілі болды. “Хунань ТВ” телеарнасының сайты мен “Iqiyi.com” сайтында “Singer-2017” байқауының алғашқы 5 кезеңінің толық видеолары бұғатталған. Себебі, видеолардың ішінде байқаудың тағы бір қатысушысы Тән Жиньге қатысты бір оқиға таспаланған екен. Әзірге ол қандай оқиға екені белгісіз.

Аталған сайттар – байқаудың бейнекөрсетілімін негізгі таратушы ақпарат құралдары. Сайттарда Тән Жиньнің видеоларын шектеу мақсатында толық нұсқадағы видеоларды да бұғатталған. Оның ішінде қазақстандық Димаш Құдайбергеннің де өнер көрсеткен сәті қамтылған. Жанкүйерлердің жаппай жазып жатқан пікірлері осы оқиғаға байланысты болса керек. Ал, әншілердің жеке өздері ғана түсірілген бейнероликтерін көруге шектеу қойылмаған. Айта кетейік, Тән Жинь аталған байқаудың 3-ші және 5-ші кезеңдерінде бірінші орын алған.


Жіберіп алмаңыз:

Димашты Астанада қарсы алған жанкүйер көп болмады

Қайрат Нұртас Лара Фабианның әнін пианиномен орындады (видео)

Қайрат Нұртас барар жеріне тез жету үшін 500 мыңға тікұшақ жалдайды

Әкешім, сені сағындым! Айсәуленің әкесі туралы жазбасы көптің көзіне жас келтірді

Димаш Құдайберген “Дайдидау” әнімен жетінші кезеңде үшінші орын алды (фото, видео)

Талқылау