Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда дәрігерлер адамға шошқаның көзін салып берген

Қытайдың Шаньдун провинциясындағы Офтальмологиялық институт ерекше ота жасады. Дәрігерлер шошқаның көзінің шыныайнасын адамға көшірген.

5465f1

Пациенттің көру қабілеті үш ай қалыпқа келу мерзімінен кейін жақсарды. Бұл отаның сәтті өткенін айғақтады.

Пациент 60 жаста болғаны белгілі. Ол 10 сантиметр радиуста қозғалатын нәрселерді ғана көрген. Адам донорлар тапшы  болғандықтан мамандар жануар материалын пайдалануды шешті. Адамдарда пайдалануға ресми аккредиттелген Acornea шынайнасы пайда болды.

Айта кету керек, Acornea-ны өзге қытайлық медициналық орталықтарда да сынайды.  Тәжірибелерге қарағанда, ауыстырып орналастыру сәттілігінің көрсеткіші 94,44% құрайды.

Талқылау