Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайлық бойжеткен апасын құтқару үшін өмірін тәуекелге тігіп, тірі нысанаға айналды

Қытайлық Ханчжоу қаласындағы Улянь алаңында серуендеп жүрген адамдарды өзін тірі нысанаға қойған бойжеткен таңқалдырды. Қытайлық азаматша өзінің бойынан биік трафаретті ұстап тұрған.

20160526074542

Ал трафаретте: «Тірі нысана. Жебемен бір рет ату – 10 юань (1,50 доллар)» деп жазылған. Аты мен ақшаны аударуға болатын банк есепшотының нөмірі жазылған тақтайша тұрды.

Көп адамдар Цзи Цзяньлиге сенбей, оны адамдарды алдағысы келеді деп шамалап, оқиға орнына полицияны шақыртты.

Бойжеткен  бұл әрекетке өткір лейкоз дертіне шалдыққан апасын емдеуге қажетті ақша сомасын жинауға көмектесу үшін барғаны анықталды.

Безымянный

Апасы бұл ауыр дертке бірнеше жыл бұрын шалдыққаны, оның отбасы емдеуге ақша жинау үшін көп қарызға батқан екен. Цзиді БАҚ репортаждарында көрсеткен соң, көрермендер апасын емдеуге қажетті ақшаны жинап берді.

Талқылау