Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда болашақ олимпиада чемпиондары аса қатаң тәртіпке көніп жаттығады (фото)

Жылап тұрған балалар – қытайдың спорт мектептеріндегі қалыпты картинаға айналып кеткен. Балалар алты жасынан бастап қиын жаттығуларды орындай бастайды.

297

Бұл туралы bigpicture.ru хабарлайды.

Дегенмен жағдай қазір аздап өзгерген. Бұл бірінші кезекте елдегі демографиялық ахуалға байланысты. Қытайдың олимпиада ойындарына дайындалатын жүйесі әлемдегі ең табысты жүйе болып есептеледі. Олар 2008 жылы өз елінде, яғни, Бейжіңде өткен олимпиада ойындарында бірінші орынға шықса, Лондонда небәрі бір саты ғана төмендеп, екінші орынды иеленді.

Қытайдың спорттық мектептері шәкірттердің олимпиада чемпионына айналуы үшін оларды физикалық тұрғыдан қатты қинайды. Қазіргі таңда ата-аналардың талабы мықты бапкерге балаларын бере бермейтіндігі себепті, спорт мектептеріндегі оқушылардың саны күрт азайған. Қытайда көп ретте мәдени білім саласына назар аударылады. Көптеген мектептер жабылып, көбісі оқу жүйесін ауыстырған. 1990 жылы ондай мектептердің саны 3687 болған.

Елдегі спортқа деген қызығушылықтың азаюына тағы бір себеп, спортшылардың мансабын аяқтағаннан кейінгі тағдыры. Олар осы нәрсеге көп алаудаушылық танытқан. Ақыры 2010 жылы ел билігі “Құжат 23” деген бағдарламаны енгізіп бұрынғы спортшыларға көңіл бөлуге үндейтін жобаны іске қосты.

 

297

Янпу жасөспірімдер мектебінде кішкентай қыз бапкері көрсеткен межеге аяғын жеткізуге талпынуда.

298

Шетелдік туристер қытай балаларының сабағын сырттан тамашалап отыр.

362

Әуесқой жасөспірімдер мектебінде балалар тікесінен тік, қолдарымен тұр.

448

Қыздар қолдарымен тіреп тұруды үйренуде.

1160

Брусьяға тартылу сайысында қыздар өз құрбысы үшін жанкүйерлік жасауда.

1159

Бапкері шәкіртінің көз жасын сүртіп түр.

1038

Янпу мектебінде балалар гимнастика сабағынан тәлім алуда.

940

Шәкіртінің мұрнынан қан кеткеніне қарамастан, бапкер жаттығуды жалғастырып жатыр.

845

Шичахай мектебіндегі фехтованияға арналған құрал-саймандар.

750

Шичахай мектебінде кәдімгі сабақтар да оқытылады. Онда қабырғаға “олимпиада чемпиондарынан үлгі алыңдар” деп жазылған.

1232

Шәкірт гимнастика сабағы барысында брусьяға аяғын асып тұр.

1329

Бірдей киінген бірінші сынып оқушылары бірінші сынып оқушыларының гимнастика жаттығуларын қалай орындайтынын бақылап тұр.

1430

Гимнастика жаттығуын орындау кезінде бапкер балаға көмектесуде.

1524

Қыздар сабақ арасындағы үзіліс кезінде душқа түсуге қарай жүгіріп бара жатыр.

1621

Шичахай мектебінің оқушылары сабақтан соң үстел теннисін ойнауға дайындалуда.

1720

Кішкентай қыз гимнастиканың қыр-сырын меңгеру үстінде.

1819

Ұстаз шәкіртіне шалқаюды үйретуде.

1917

Шичахайдағы фехтования сабағы.

2016

Янпу мектебінде балалар үзіліс кезінде доп ойнап үлгеріп қалуда.

2119

Шичахай мектебінде өткізіліп жатқан таэквондо сабағы.

2216

Егіз қыздар гимнастика сабағында.

2316

Гимнастика сабағынан соң кішкентай бала аяқтарын созып өз бетінше жаттығып көруде.

2412

Шичахай мектебінде кезінде осы мектепте білім алған олимпиада чемпиондарының суреттері ілінген.

2511

Янпу мектебінде балалар сабақтан соң серуендер жүр.

2611

Үстел теннисі сабағы.

2711

Спортшы қыз фехотванияға дайындалуда.

2810

Гимнастика сабағы барысында.

Талқылау