Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда биліктің рұқсатынсыз ғаламторға жаңалық жариялауға тыйым салынды

Қытайдың ғаламтор кеңістігінің әкімшілігі елдегі бірнеше ірі веб-порталдарға жаңалық жариялауға тыйым салды.

3946fa80f117a6

Сурет: tjournal.ru

Мәліметке сүйенсек, интернет-компаниялар ғаламтор жүйесінің ережелерін бұзып, бірнеше жаңалық жариялаған. Соның салдарынан ел арасында кері пікірлер қалыптасқан.

Енді ғаламтордағы БАҚ тек билік рұқсат берген жаңалықтарды жариялай алады. Ереже сақтамаған медиа компанияларға ірі көлемде айыппұл салынады.

Бұл ғаламтор жаңалықтарына қатысты билік тарапынан қойылған алғашқы тосқауыл емес. Елде шілде айының басында желідедегі ақпаратқа сүйеніп жаңалық жасауға тыйым салынған болатын.

Талқылау