Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда басын 70 сантиметрлік жебе тесіп кеткен ит құтқарылды

Қытайда жануарларды қорғаушылар басында 70 сантиметрлік жебемен қаңғырып жүрген жүрген итті құтқарып қалды. Оқиға Бейжіңнің солтүстік-шығысында болған.

8e9afe4d06ad1e9e9fafe4d9db19a9b4_L

Сурет vesti.ru

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Иттің маңайына адамдар жиналып, оған көмектеспек болады. Алайда жануар адамдардан қорқып, қашып кете береді. Сонымен қатар ол жебеден құтылмақ болып, жерге сүйкене береді. Адамдар полиция мен ветеринарларды шақырған сәтте ит көрші көшеге қашып кетеді. Екі сағат өткеннен соң ит арт-аймақтан табылады.

Құтқарушылар оны ұстап, жебенің ұзын ұштарын кесіп тастап, ветеринарлық емханаға жібереді. Жебе иттің тура көзінің үстінен өтіп, сыртқы құлағын зақымдап кеткен. Абырой болғанда миы аман. Ветеринарлар итке операция жасап, жебені алып шықты. Қазіргі уақытта оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Бұл хабарлама әлеуметтік желілер арқылы таратылып, нәтижесінде интернет қолданушылары иттің еміне бір түнде 10000-нан астам юань (1,2 мың АҚШ доллары шамасында) қаражат жинады.

Талқылау