Қытайда әйелдер мерекесін тойлаған жігіттер көйлек пен туфли киіп, тауға шықты

Сәрсенбі, 9 Наурыз , 2016 17:01

Гуандун провинциясында бірнеше азамат үстілеріне көйлек, аяқтарына тақалы аяқ киім киіп, тауға шықты. Олардың бұл әрекеттері халықаралық әйелдер мерекесіне орай әдейі ұйымдастырылған еді.

жігіттер

Еркектер осылайша бір күнге әйелдерінің орнына өздерін қойып көрді. Олар заманауи ханымдардың басындағы қиындықты түсіну үшін сыртқы көрініс пен одан адам бойына тарайтын кедергілер мен қиындықтарды сезініп көрмек болған.

Бұл еркектерді сол маңда қыдырып жүрген туристер мен жергілікті халық тамашалағандықтан олар күліп қарауға мәжбүр болған. Себебі тақалы аяқ киіммен тауға баспалдақ арқылы шыққан еркектер әбден қиналғандарын кейіннен көрсетпеуге тырысқандарын айтқан. Ал таудан қайтар жолда олардың біразы өкшелі аяқ кимді қолдарына ұстап түскен.

Жігіттердің осы істерін желіде тамашалағандар таңқалғандарын жасырмады. Бірақ олар бастаманың белсенділері мен мақсатын айтудан бас тартқан.

Қытай гендрлік мерекені тойлауда осы жыл басталғалы бірнеше рет әлемдік БАҚ-ты таңқалдырып үлгерді.14 ақпан махаббат күнін ерекше атап өткен қытайлық зейнеткердің әрекетіне көпшілік таңырқай қараған еді. Ол бүтіндей бір қонақүйді жалға алып, жарықтарын пайдалана отырып әйеліне сүйетінін жеткізген еді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар