Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда ауыр қылмысы үшін сотталған 7 қазақстандық елімізге қайтарылмақшы

Қытайда 6-ы есірткі қылмысы бойынша жазаға кесілгендер және біреуі адам өлтіргені үшін сотталған 7 қазақстандық ақпан айының басынан бастап жазасын елде өтейтін болды.

8334936

Бұл туралы ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель мәлімдеді.

“Біз таяу уақытта, ақпанның бірінде Қытайда сотталған тағы жеті адамды аламыз. Қытайдың келісімі бар және оларды Қазақстанға ауыстыру үшін топ құрылған. Олардың ішінде 6-ы есірткі қылмысы бойынша жазаға кесілгендер және біреуі адам өлтіргені үшін сотталған”, — деді журналистерге Меркель Қазақстан мен Үндістан арасындағы сотталғандарды өзара беру туралы келісім қабылданған сенат отырысының сыртында.

«Былтырғы жылы бір 5 адамды елге жеткізген едік, биыл 7 адамды әкелмекшіміз. Барлығы 12 адам болды. Біз өзіміз ешнәрсе шеше алмаймыз. Қытайдың Ұлттық прокуратурасымен келісеміз. Олар өздері ұсыныс жасайтын болса, біз мәселені шеше аламыз. Қытайдың ұлттық прокуратурасы бізбен жақсы әріптестік қарым-қатынаста. Заң күшіне енген соң, ол арыз жазғаннан кейін біз оның елге жеткіземіз», – деді Меркель.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Қытайда 24 қазақстандық сотталған.

Талқылау