Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алты күн бойы тапжылмай компьютерде отырған қытайлықтың аяғы іріңдеп кеткен (фото)

19 жастағы Қытай тұрғыны компьютерлік ойындарды құмардан шыға ойнау үшін, үйінен қашып шығып кетіп жергілікті интернет-кафелердің біріне келген.

1466951629_v-kitae-policiya-obnaruzhili-parnya-geymera-u-kotorogo-nachali-gnit-nogi

Бұл туралы nz1.ru хабарлайды.

Компьютер алдында қатарынан алты күн тапжылмай отырған жігіт, Ханчжоудағы теміржолдың жанында бүк түсіп құлаған. Жігітті тауып алған полицейлер, бірден жедел жәрдем шақырған.

1466951622_v-kitae-policiya-obnaruzhili-parnya-geymera-u-kotorogo-nachali-gnit-nogi-1

Дәрігерлер жігіттің аяғы іріңдеп, көп қан кеткенін анықтаған. Кейінірек, ол бірнеше күн бойы ақшасының барлығын ойынға салып, ішіп-жемегенін, тіпті жуынбағанын да айтты. Дәрігерлер бірден баланың әкесіне хабар беріп, жігіттің аяғындағы жарадан өте қауіпті инфекция пайда болғанын айтқан.

Еске сала кетсек, былтыр 27 жастағы жігіт қатарынан 19 сағат бойы ойын ойнап көз жұмған еді. Ал екі ай бұрын Тайванда үш тәулік онлайн-ойын ойнаған адам да қайтыс болған еді.

Талқылау