Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда альпинист келіншек ғашығының 7 метрлік суретін жартасқа бейнеледі

Қытайдың Чжэцзян провинциясында альпинист келіншек ғашығының суретін 218 метрлік жартасқа салды.

20160929075414

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Тайчжоу ауданында орналасқан таудағы ер адамның суретін салу үшін альпинист екі ай бойы демалыс күндерін сарп еткен. Барлығы 10 күннің ішінде таудағы бейне аяқталған.

Жергілікті басылымдардың жазуына қарағанда, 37 жастағы спортшы өз командасындағы 40 жастағы ер адамға ғашық болған. Бір қызығы екеуінің де басы бос.

Бұл туында жайлы ғаламторда жария болған соң жергілікті билік құзға өрмелеушіні тауып сөйлескен. Келіншек жартастағы граффитиді өшіріп, тау бетін бұрынғы қалпына келтіруге уәде беріп отыр.

Талқылау