Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда әлі күнге әйелдер басқаратын өлке бар (фото)

Тибет шекарасына жақын жердегі Гималай тауындағы Лугух өзені жағалауында мосо халқы тұрады. Олардың тұрмыс-салты мен мәдениеті қазіргі заманауи өмірге ұқсас деп айта алмаймыз. Тағы бір қызығы мұнда қоғамдағы негізгі билік әйелдердің қолында екен.

1

Бұл туралы bigpicture.ru сайты хабарлайды.

Экономикалық және отбасылық мәселелерді әйелдер шешіп отырады. Тіпті мұрагерлікте әйел жолымен беріліп, қашан жақсы көргенше бірнеше еркекті сынақтан өткізіп таңдауға да құқылы.

23 жастағы Лама есімді әйел “Гүлдер бөлмесі” деп атайтын өзінің жатын бөлмесінің есігі жанында тұр. Мұнда бала туатын жастағы әйелдер ғана жеке бөлмеде жатуға құқылы. Ал күйеулері тек түнде ғана келіп, күндіз сыртта болады.

12

Лугух өзені Гималай тауының етегінде. Халық саны 40 мыңға таяу. Мұндағы салт-дәстүр мен тәртіп бірнеше ғасырдан бері жалғасып келе жатыр. Оларда ортақ отбасылық және әке деген ұғым жоқ. Не анасы, не баласы әкесінің нақты кім екенін білмейді. Дәстүрлі некемен қатар, еркін неке де бар. Яғни, серіктесі бірге тұрады немесе арасында келіп-кетіп жүреді.

Бірнеше ұрпақ ағаларымен бірге бір үйде тұрып келе жатыр. Үйдің асыраушысы болғандықтан олар балалар тәрбиесімен де айналысады. Еркектер көбінесе әйелдер өсірген өнімдерді апарып сатумен немесе құрылыс жұмыстарымен айналысады. Еркін некедегі ер адамдар сүйіктісінің үйіне тек түнде ғана барады. Ал таңертең өзінің отбасына қайтып келеді.

11

Бұл қонақтарды қарсы алатын Лама әженің бөлмесі. Әже отбасының ең құрметті мүшесі саналады. Дін тұрғысынан да олардың өзіндік сенімдері бар. “Даба” құдайына табынады немесе тибеттік будизм бойынша жүреді.

10

Үйлердің сырты көбінесе Будда жәнн Мао Цзэдун суреттерімен әсемделген. Қытай саясаткерлері де бұл аймақты құрмет тұтады екен. Тіпті мұнда электр жарығы тартылып, теміржол салынған.

9

Мосолардың ұлттық билерінен флейта, барабан және фольклорлық әндер дауысын естуге болады.

8

Әйелдердің киіміне қарап, тек әжелердің ғана дәстүрлі киім киетінін аңғаруға болады. Дәл осы әйелдер қиын кезде Лугух өзені жағалауын тастап кетпей, небір қиындықты бастан кешкен.

Бұл 33 жастағы Лусу. Ол да әлі күнге өз тайпасының дәстүрімен өмір сүреді. Бірақ оқи, жаза алмағанына қарамастан туризмнен табыс тауып жүр.

5

Жастардың 80 пайызы үлкен қалаларда білім алу үшін отбасыларын тастап кетеді екен. Бұл халықта жазу әлі қалыптаспаған.

Мына әйелдердің қолынан шыққан киімдер мен төсеніштер бүкіл әлемде сатылады.

4

Мосо тайпасының аумағында жүгері, картоп алқаптары бар. Әрбір үй отбасыны асырайтын азық-түлікті өздері өндіріп қамтамасыз етіп алады. Соңғы кездері мосо тайпасы өмір сүріп жатқан аумаққа жақын жерден әуежай мен жол салынып, келетін туристер саны күрт артқан.

2 3   6 7

Талқылау