Қытайда әлемдегі ең ұзын жәндік табылды (фото)
Қытайда әлемдегі ең ұзын жәндік анықталды. Түрі дәуітке ұқсайтын – Phobaeticus chani таяқшасы Гуанси провинциясынан табылған. Жәндіктің ұзындығы 624 мм-ге дейін жетеді.
Бұған дейін ағаштың бұтағы тәріздес жәндіктің ұзынын 1989 жылы Калимантан аралында жергілікті тұрғындар тапқан. Оны натуралист Чэнь Чжаолун зерттеген. Сол жолы табылғанның ұзындығы – 56,7 см болды, – деп хабарлады Синьхуа агенттігі.
Талқылау