Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда әлемдегі ең ұзын шыны көпір салынды (видео)

Қытайдың Хунань провинциясының оңтүстік шығысында әлемдегі ең үлкен шыны көпір салынып бітті. Құрылым Тяньменьшань бағында Чжанцзяцзе каньонынан 300 метр биіктікте орналасқан.

2f04de9700000578-3344133-image-a-23_1449139944508

Бұған дейін әлемдегі ең ұзын көпірің құрылысы аяқталуға жақын екенін хабарлаған едік.

Көпірдің ұзындығы – 393 метр, ені – 6 метрді құрайды. Көпір бір уақытта 800 адамды көтере алады. Көпірдің ашылуы шілде айында өтеді.

Көпір 2015 жылы салынып бітуі керек болған. Алайда, нөсер жаңбырдың салдарынан көпір құрылысы тек енді ғана аяқталды.

Бұл көпір салынғанға дейін осы аймақта орналасқан Hero bridge құрылымы әлемдегі ең ұзын көпір саналған. Оның ұзындығы – 300 метр, ені – 180 метр.

Талқылау