Қытайда әлемдегі ең үлкен телескоп орнатылды

Дүйсенбі, 4 Шілде , 2016 7:07

Қытайда әлемдегі ең үлкен радиотелескоп FAST (Five hundred meter Aperture Spherical Telescope) құрылысы аяқталды.

b5f563721e8e85bb9976b38f78ab1228_L

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

FAST рефлекторының диаметрі 500 метр, бұдан бұрын ең үлкен телескоп Пуэрто-Риконың Аресибо обсерваториясындағы диаметрі 305 метрлік телескоп болған. Қытайлық радиотелескоп 4450 панельден тұрады. Ол Гуйчжоу провинциясындағы таулар ойпатында орналасқан.

FAST өз жұмысын 2016 жылдың қыркүйегінде бастайды деп жоспарланып отыр. Бұл телескоп 2011 жылдан бастап салынған. Оның құны 1,2 млрд юаньға бағаланады. FAST-ті таулы ауданда орналастыру үшін құрылыс аумағындағы 9 мыңға жуық адамды басқа жерге көшіруге тура келді. FAST Жерден 11 млрд жарық жылдарды құрайтын қашықтықтағы нысандарды бақылай алады.

ҚХР-дың Ұлттық ғарыш агенттігінің хабарлауынша, радиотелескоп көмегімен жерден тыс өркениеттерді де анықтауға болады. 2016 жылдың деректері бойынша Жерден ең алыс нысан GN-z11 галактикасы болып табылады. Ол 13,4 млрд жарық жыл қашықтықта орналасқан. Бұл галактика «Хаббл» орбитальді телескоп көмегімен анықталған.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар