Қытайда 84 жастағы зейнеткер 218 метрлік жазба жасап, ғашығына көңіл білдірген

Дүйсенбі, 15 Ақпан , 2016 16:52

84 жастағы қытайлық зейнеткер Цяо Дэвай Валентин күнінде Чжэцзян провинциясындағы  биік қабатты қонақүйлердің бірін жалға алып, әйеліне ерекше тосын сый жасап, көңіл білдірді.

12599035_243437472654783_587523295_n_002

Сурет peoples_daily Инстаграм параөшасынан алынды

11049048

Сурет Қазақстан жаңалықтары сайтынан алынды

Қонақүйдегі шамдар жарығынан ағылшын әріптерімен “I love you” деген 218 метр болатын жазба пайда болған. Сондай-ақ, ол әйеліне гүл шоғырын ұсынған.
Жұбайлар бірге  тұрған осы уақытқа дейін ешқандай романтикалық кештер жасамағанын, тіпті бір-біріне көңіл білдірмегенін айтады. Қонақүй қызметкерлері екі жасқа арнайы бөлмені гүл жапырақтарымен безендіріп, аққу мүсіндерін жасаған.

Католиктер мен протестанттықтар 14 ақпанды Әулие Валентин күні ретінде мереке деп атап өткен. Қазір бұл мереке көп елдерде тойланып жатады.

Бұл күні зейнеткердің 83 жастағы әйелі Лю Шисю де ақ той көйлегін киген. Ал, өзі қара костюм шалбарда болған. Зейнеткер өзінің бұл қадамын жарымен отасанына 67 жыл толуымен байланысты әйелін құттықтағысы келгенін айтады.

Бұған дейін қарағандылық жігіттің Ғашықтар күнінде сүйіктісіне ақ боз атпен келгенін хабарлаған болатынбыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар