Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда 3 жасар қыздың омырау қатерлі ісігіне шалдыққаны анықталды

Қытайдағы Шаньдун провинциясында 3 жасар қыз бала омырау қатерлі ісігіне шалдыққан ең жас науқас саналады.

Наурыз айында анасы қызының киімінен қызыл сұйықтықты байқайды. Бірнеше аптадан соң кеуде тұсының ісіп тұрғанын байқайды. Дәрігерге тексерткенде, олар қыздың уақытынан бұрын жетілгенін айтқан. Сондықтан қосымша тағам бермеуге кеңес береді.

Алайда әйел дәрігердің сөзіне сенбей басқа маманға апарады. Екінші дәрігер қыз баланы тексерген соң, оның лимфа түйінінің өсіп кеткенін айтады. Биопсиядан кейін балаға секретарлы карцинома диагнозын қояды. Бұл омырау қатерлі ісігінің сирек кездесетін түрі.

Қыз балаға ота жасап, сүт безін сақтай отырып ісікті алып тастады. Ісікті бастапқы түрі болғандықтан қыз бала дерттен біржола айығады деген үміт басым.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау