Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда 15 жастағы қыз бастығының 100 рет отырып-тұру жаттығуын жасағаннан кейін көз жұмды

Қытайда 15 жастағы қыз  жұмысқа кешігіп барғаны үшін бастығы талап еткен жазаны өтеген соң дем жетпей қайтыс болды. Бастығы одан 100 рет отырып-тұру жаттығуын жасауды талап еткен.

2017081814500487129_2lnhpxjl

Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлайды.

Сяо Фэй есімді қыз өз әкесінің медициналық есебін төлеу үшін оқуын тастап, жылжымайтын мүлік компаниясына жұмысқа тұрады.

Әкесінің сөзінше, оның қыз таңертең жұмысқа кешігіп қалған, ал бастығы болса оның бұл әрекетіне ренжіп отырып-тұру жаттығуын істетіп қойыпты. Осыдан соң қыз өзін қолайсыз сезініп үйге келген. Ол жолай дәрі-дәрмек сатып алғанымен, артынша тіпті жүруге де шамасы келмей қалады. Бірнеше күннен соң қолдары істемей қалған. Осыдан соң Сяоның денесі мүгедек болып қалады.

Анасы қызын ауруханаға жеткізіп, онда оны жансақтау бөліміне жатқызады. Дәрігерлер қыздың бойынан сирек кездесетін жүйке талшықтарының жұмысының бұзылуына себеп болатын Гийена-Барре синдромын анықтаған. Бірақ, бұл синдромның бастықтың қатал жазасының әсерінен туындағаны әлі нақты тексерілген жоқ. Сяо ауруханаға жатқан соң 10 күннен соң қайтыс болды.

Оқи отырыңыз:

Түркияда автобус ішінде ұмыт қалып кеткен 3 жасар бала көз жұмды

Жасөспірім тәттімен алдап қарындасын бірнеше рет зорлаған

54 жастағы әйел суррогаттық жолмен өз немересін дүниеге әкелді

Ұл қалаған ата-ана жаңа туған қызын тікенді қуысқа тастай салған (фото)

Талқылау