Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда 12 жастағы оқушы автобусты ұрлап айдап кетіп 40 минут бойы қаланы қыдырған

Қытайдың Гаунчжоу қаласында оқушы бала автобусты айдап кетіп, полицейлер тоқтатқанша қаланы аралап жүрді.

_96788646_chinakid

12 жастағы бала 40 минут бойы көлікті қақпай-соқпай жүргізген. Жүргішілер көлік рөлінде баланың отырғанын байқап полицияға хабарлаған.

Желіде оқушының көлік жүргізгені туралы видео тарап кетті. Оқушының автобусты қалай алып кеткені белгісіз. Суреттерде көліктің шыны есігінің сынып тұрғаны байқалады.

Guangzhou Yueyun Bus Co автобус компаниясы бұл баланың бұрын да телефон мен әмиян ұрлап ұсталғанын мәлімдеді. Компания өкілінің мәліметінше, ол кезде де ұры баланы GPS бағдарламасы арқылы автобуста ұстаған.

Тағы бір видеодан баланың темекі шеккен күйі сауда орталығына кіріп келе жатқанын көруге болады. Полицей баладан жауап алған кезде ол екі қолымен бетін жауып алып, жауап беруден бас тартқан. БАҚ өкілдері баланың жасына байланысты ешқандай жаза қолданылмағанын жазып жатыр.

Тағы да оқыңыз:

Сауд Арабиясының патшасы өзін құдайға теңеп мақтаған журналисті жұмысынан қуды

Сириядан келген босқын қыз Ресейде мектепті алтын медальмен бітірді

Мексиканың қала мэрі қолтырауынға үйленіп, той жасады (видео)

Талқылау