Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда 1000 қазақ қатар отырып күй шертті (фото)

Күні кеше Қытайдың ШҰАӨ Тарбағатай аймағы Толы ауданында III “Тарбағатай тау гүлі шешек атты” домбыра мәдениеті мерекесі өткен. Аталған шараға сол аймақта өмір сүріп жатқан қазақтар да қатысқан. Олардың ішінен 1000 адам қатар тізе бүгіп, қазақтың қара домбырасымен күй шерткен.

20160523183937

Бұл туралы kazak.ts.cn сайты хабарлайды.

Жиылған қауымға ерекше көңіл-күй сыйлайтын мұндай мереке жыл сайын мамыр айында өткізілетін-ді. Осы күнге орай түрлі шара ұйымдастырылып, Қытай елінде өмір сүріп жатқан қазақтар екі елдің достығын насихатайды.

20160523183930

20160523184017

20160523183852

Биылғы өткен шарада көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын түрлі қойылым қойылып, 1000 адам қатар отырып күй шерткен. Шараға қатысқан жергілікті тұрғындар мен шетелдіктер домбырашылардың өнеріне қайран қалған.


Оқи отырыңыз:

Қабатовтың келіншегі күй тартып жұртты тамсандырды (видео)

“Made in KZ” тобы домбырамен Элтон Джонның хитін орындады (видео)

Ақылбек Жеменей жарық сөніп қалған концертінде домбырамен құтылып кетті

Жапон жігіті қазақ домбырасын насихаттап жүр

 

Талқылау