Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда үйсіз жүрген қарт Мона Лизаның суретін салды

Қытайдың Нанкин қаласындағы көшелердің бірінде атақты Мона Лизаның суреті пайда болды. Бірақ, бұл жолы Леонардо да Винчидің әйгілі туындысын кәсіби суретші емес, үй-күйсіз жүрген қарт асфальттің бетіне салған болып шықты.

20160120065316

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Бұл үшін ол тек түрлі-түсті борларды қолданған. Қарттың айтуынша, ол сурет салуды өз бетінше үйренген екен. Күнделікті өмірде ол жұрттың садақа ретінде берген тиын-тебенін жұмсап, тіршілік ететін көрінеді. Қазір Мона Лизаның суретін қызықтау үшін халық Нанкиндегі көшеге көптеп келетін болған, деп жазады cri.cn.

Талқылау