Қытайда үш көзі және екі тұмсығы бар торай дүниеге келді (видео)
Қытайда үш көзі және екі тұмсығы бар торай дүниеге келді, деп хабарлады Синьхуа агенттігі өзінің Twitter-дегі аккаунтында.
Торай Қытайдың оңтүстік-батысында орналасқан ауылда дүниеге келді. Жануар иесі Хэ Жусянь оны бөтелке арқылы қолдан тамақтандырады. Өзге торайларға қарағанда бұл мутант өлшемдері бойынша кішірек.
“Бастапқыда одан қорқатынмын, кейін тартымды болып көрінді”, – деді Хэ Жусянь.
Watch it! Piglet born with 2 snouts, 3 eyes in SW China pic.twitter.com/zJyc5nXEO7
— China Xinhua News (@XHNews) 18 октября 2016 г.
Талқылау