Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай электр қуатымен ұшатын жаңа тікұшақ жасап шығарды

2 қараша күні Қытайда жаңа электро тікұшақ сынақтан өткізілді.

Бұл туралы Stan.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Авиация мен ғарыш бағытында оқытатын Шэньян университетінде құрастырылған RX1E-A модельді тікұшақ екі адамға арналған. Ол күні кеше сынақтан өткізіліп, Цайхун аэродромында тексерілді.

Осыған дейінгі электромоторлы тікұшақпен салыстырғанда, оның ұшу ұзақтығы 45 минуттан 2 сағатқа дейін ұзартылды. Мұнымен қатар, ұшақтың ішінде парашют бар. Аталған басылымның мәліметіне сүйенсек, бұл Қытайдың жалпы мақсаттағы электромоторлы авиация саласындағы кезекті серпілісі.


Жіберіп алмаңыз:

Дональд Трамптың Twitter-дегі аккаунты істемей қалды

Әйелдер де адам: БАӘ-де алғаш рет нәзік жандыларға арналған фитнес-клуб ашылды

Трамп Нью-Йоркте теракт жасаған қылмыскерді өлім жазасына кесуді талап етті

Заңгер жыртық джинсы киетін қыздарды зорлауға шақырды

Талқылау