Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай валютасы әлемдік алыптардың қатарынан бір-ақ шықты

1 қазаннан бастап юань ресми түрде халықаралық резервтегі валютаның бірі. Бұл жайлы КТК хабарлайды.

uan_2016

Фото: investor100.ru

Бұдан былай төрткүл дүниені билеген ақша төртеу емес, бесеу болмақ. Әрі Қытай ақшасы жапонның иені мен британ фунтын ысырып, 11 пайыз үлеспен 3-ші орынды ойып тұрып алған. Яғни, жаһандағы сауда-саттықтың оннан бірі енді осы юаньмен жасалады деген сөз.

Ал бірінші орында әдеттегідей – доллар. Ол жалпы қаржы нарығының 40 пайызын құрап отыр. Сұранысы соңғы кезде әлдеқайда азайған еуро 37 пайыздан 31-ге төмен түскен. Сарапшылар Еуроодақтың төл валютасы әрі қарай да төмендейді деген пікірде. Өйткені, халықаралық сауда-саттықта онымен есеп айырысу бұрынғыдай ұтымды болмай қалған көрінеді. Ал күшейген қытай ақшасын халықаралық қаржы қоры лезде әлемдік резервтік валюталар қоржынына кіргізіп қойды.

Оқи отырыңыз:

Жас миллионер Арман Тосқанбаев: Қанша байысам да шетелге қашпас едім

Отандық экономистер теңгенің нығаюына қатысты өз болжамдарын айтты

Алматыда таразыдан жеп адамдарды алдайтын саудагерлердің былығы ашылды

Үнемге көштік деген Есімовтің “ЭКСПО-сына” тағы 33 миллиард қаржы бөлінетін болды

Сарапшылар Қазақстанда ең көп жалақыны кімдер алатынын анықтап көрді

 

Талқылау