Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай түрмесінде отырған Семей тұрғыны бостандыққа шықты

Қытай түрмесіндегі бес ай! Аспан асты елінде қамауда отырған отандасымыз ақыры бостандыққа шықты. Семейлік Евгений Миронов аспан асты елінде жүк көлігінен тир мылтығының оғы табылғаны үшін ұсталған еді. Ал мұндай оқты Қытайда алып жүруге заңмен тыйым салынған. Сондықтан Миронов алғашында 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін делінген еді. Енді бес айдан кейін бостандыққа қалай жіберілгенін Евгенийдің өзі де түсінбей отыр, – деп хабарлайды КТК арнасы.

42 жастағы отандасымыз заңы қатал елдің абақтысында ешқандай қысастық көрмегенін жеткізді. Ал не үшін қамалып, қалай бостандыққа шыққанын өзі де түсінбей қалған. Түрмедегілер бұған ештеңе айтпапты.

“Мен отырған бөлмеге кірді де, тағылған айыптың барлығы алынғанын айтты. «Бұрынғыдай жұмысыңды істей беруіңе болады, шектеу қоймаймыз» деген”, – дейді Семей қаласының тұрғыны Евгений Миронов.

Осылайша, Миронов қазір аман-есен елге оралып, жақындарымен қауышып отыр. Ол басына іс түскенде, қолдау білдірген еліміздің билігіне дән риза. Айтуынша, Қытайдағы елшілік те ақталып шығуына ерекше атсалысқан.Қазір Евгений Миронов жүк тасымалымен айналысатын компаниядағы жүргізушілік жұмысына қайта оралған. Жат елде сотталып кете жаздаған азамат енді отандастарына шет мемлекеттерге шыққанда сақ болуды ескертуде.

Тіпті ол баратын елдің заңын бүге-шүгесіне дейін оқудың өзі артық болмайтынына көз жеткізіпті. Естеріңізге сала кетейік, семейлік азамат Қытайда көлігінің қобдишасынан табылған екі қорап тир мылтығының оғы үшін абақтыға қамалған еді. Оның сотталып кетуінен қорыққан жақындары еліміздің Сыртқы істер министрлігінен көмек сұраған болатын.


Жіберіп алмаңыз:

Қарағандыдағы мектептердің бірінде 4-ші сынып оқушылары сабаққа барудан жапппай бас тартып жатыр

Елімізге танымал жазушылар латын әліпбиінің нұсқасына қарсы шықты

Ақтөбеде бейітті бизнеске айналдырмақ болғандардың басы бәлеге қалды

Елімізде бензин тағы қымбаттады

Талқылау