Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай тұрғыны лотереядан ұтқан 4 млн долларын алып кетпеген

Лотерея билетін ойнап, ірі көлемдегі қаржының иесі атанған бақытты тұрғын, сыйақысын алып кету үшін ұйымдастырушыларға хабарласпаған. Ол ұтысты 10 қаңтарға дейін алып үлгеруі тиіс еді.

10598643

Бұл туралы ria.ru хабарлайды

Қытайдың Гуандун провинциясының тұрғыны, лотерея билетінен олжалаған 25,6 миллион юанды (3,9 миллион АҚШ доллары) алып кетуге келмеген.

Ұтыс шыққан билет өткен жылдың қараша айында Дунгуань қаласында сатылған. Алайда, ойда-жоқта мол қазынаға тап болғанына қарамастан, билет иесі ұйымдастырушылардың мекемесіне ат ізін салмаған. Ұйымдастырушылар белгілеген соңғы уақыт 10 қаңтар болатын. Бұл әзірге ҚХР тарихындағы ең ірі ұтыс билеті болып тұр.

Мұндай жағдайдың орын алуы бірінші мәрте емес. Осыған дейін 2014 жылы бір тұрғын 12,6 миллион юань (1,91 миллион АҚШ доллары) ақшасын алмай кетсе, 2011 жылы Цзянсу провинциясының тұрғыны да 2,5 миллион долларды қалтасына басуды қажет деп таппаған екен.

 

 

Талқылау