Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай саудагерлері мысық пен иттің терісінен желеткелер жасайды (фото)

Мысық терісінен жасалған көкірекшелер Қытай базарында небәрі 25 фунт стерлингке сатылып жатыр. Сондай-ақ, аталған сауда орнынан жойылуға шақ қалған ақбөкеннің мүйізі және тағы да басқа сирек кездесетін жануарлардың терісінен жасалған киімдер табылды.

Қытай саудагерлері мысық пен иттің терісінен желеткелер жасайды (фото)

Бұл туралы The Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Пекиннен шамамен 5 сағаттық жерде орналасқан Хоххот аймағында басқа жерлермен салыстырғанда үй жануарлары аз. Соған қарамастан, жергілікті тұрғындар оларды табыс көзіне айналдырған. Базардан көгершін терісінен жасалған киімдерді де табуға болады. Сондай-ақ, киімдерге қарасаңыз, тасбақа мен мысық тектес өзге жануарларды көргендей боласыз.

Қытай саудагерлері мысық пен иттің терісінен желеткелер жасайды (фото)

Жаңа пәлтенің сыртында: “Нағыз мысықтың терісінен жасалған, сатып алмайтын болсаңыз, тиіспеңіз”, – деп жазылған.

Қытай саудагерлері мысық пен иттің терісінен желеткелер жасайды (фото)

Биыл Пекинде піл сүйегін қолдануға заң жүзінде тыйым салынған болатын. Алайда саудагерлер оны табыс көзіне айналдыруды доғарар емес.

Сондай-ақ, Қытайда сан мыңдаған иттер өлтіріліп, олардың да терісі киім жасауда қолданылады екен. Олардың терісінен қолғап жасалып, арнайы Еуропа мен АҚШ-қа жөнелтілетін көрінеді.

Қытай саудагерлері мысық пен иттің терісінен желеткелер жасайды (фото)

Жануарларды қорғау ұйымы мына суретті көрген жандарға ескертеді: мысықтың не иттің терісінен жасалған киімді киіп жүрмін деген күдікпен өмір сүргіңіз келмесе, мұндай киімдерді дүкен сөресінде қалдырғаныңыз жөн.

Қытай саудагерлері мысық пен иттің терісінен желеткелер жасайды (фото)

Қытай саудагерлері мысық пен иттің терісінен желеткелер жасайды (фото)

Тағы оқыңыз: 

Әкесі қызын көлікте ұмытып кеткен: қыз қайтыс болды

Әйел 5 рет түсік тастаған құрбысына егіз балаларын туып берді (фото)

Қолына балаларының есімін жаздыртқан ана шебердің қателігіне бола ұлының есімін өзгерткен

Қайыршылықпен айналысқан әйел банк есепшотында 1 млн доллар ақша жинаған

Талқылау