Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай ОБ юань бағамын соңғы 4,5 жылдағы ең төменгі деңгейге дейін түсірді

Қытай Халық банкі (орталық банкі) бейсенбіде ҚХР жэньминьбиін (Қытай ұлттық валютасының ресми атауы) долларға бағамын 6,4757-ге юаньға дейін, 131 базистік тармаққа төмендетті. Бұл 2011 жылғы маусымнан бастап ең аз көрсеткіш.

e1f7ab43d27b405b5412c0aea87
Талдаушылар Халық банктің әрекетін келесі жылы қазанда юаньды ХВҚ (арнайы алыс-беріс құқығы, Special Drawing Rights – SDR) резервтік валюта қоржынына енгізуге дайындықпен байланыстыруда, ол қытай валютасына сұранысты арттырып, оның бағамының едәуір өсуіне әкелуі мүмкін.

Долларға юань айырбас бағамын қалыптастыру тетігін реформалау қытайлық орталық банк «есеп айырысу әдістемесін оңтайландыру» шешімі туралы жариялағанда, 11 тамызда басталған. Бұдан кейін юань үш күн ішінде 1 долларға 6,40-қа дейін – 4,6 пайызға девальвацияланған. Осыдан кейін қытай валютасы нығайып, 2 қарашада 1 долларға 6, 3154-ке – үшжылдық максимумға жетті, алайда оның бағамы қайта әлсірей бастады.

Талқылау