Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай мектептерінде қазақтың ұлттық билері оқытылады

Яғни оқушылар күнделікті орындауға міндетті жаттығу орнына, енді ұлттық би қимылдарын жасайды. Бұл бастамаға жергілікті билік тарапынан да ешқандай қарсылық болмаған. Қайта, оны бірден қолдап, міндетті оқу жүйесіне бекітіп берген,- деп хабарлайды 24.kz.

жорга

Бірақ бұны той томалақта билейтін “Қара жорға” немесе “Қамажаймен” шатастыруға болмайды. Сөзі, әні, тіпті қимылына дейін оқушыларға бейімделіп жасалған. Оны мектеп ұжымы осылай күніне 25 минуттық үлкен үзілісте орындайды.

“Қаражорға” биі Қытайдағы қазақ мектептері бағдарламасындағы ерекшеліктердің бірі ғана. Оқу ордасымен жақын таныса келе тағы бірнеше қызықты жайтқа жолықтық. Мәселен, қыздар жатақханасы. Оның қабырғасында «Қызға 40 тыйым» деген нақыл сөздер жиынтығы бар. Бұл – тек нақыл сөздер емес, ереже мен талап. Яғни оны сақтамағандар қатаң ескерту алады, тіпті оқудан шығарылады.

– Қыздар – болашақ аналар. Сондықтан осындай жан-жақты, сымбаттылық, адамгершілік, мінез-құлық жағында мін болмауы тиіс. Балаларды осы талапқа түсті ме, түспеді ме деп ай соңында, маусым соңында бағалап отырамыз, – Жанар Иманәліқызы №1 қазақ орта мектебінің директоры:

Бір ерекшелігі Қытайдағы қазақ мектептерінде күніне 8 сабақ болады. 8-сабақ – ұлттық өнерге баулу пәні. Яғни оқушылар қолөнер, кесте тігу, аспап жасаудың қыр-сырын үйренеді. Бұл – кейінгі кезде оқу бағдарламасына енгізілген жаңалықтардың тағы бірі.

– Барлық оқушылардың өз өнерлерін жетілдіруге, қызығатын істерін істеуге жағдай жасап берді. Оқушылар бұл мүмкіндікті пайдаланып жатыр. Мәселен, мен қолөнерге қызығатынмын. Қазір соны үйреніп жатырмы.- дейді Нұркамал Тілеуқабылұлы, 10-сынып оқушысы:

Алнегізгі сабақтар қазақ және қытай тілінде жүреді. Бұған қоса ағылшын пәні қоса оқытылады. Біз бас сұққан Құлжа қаласындағы қазақ мектебінің сексен жылдық тарихы бар. Дегенмен оқу ордасының Қазақстандағы білім ошақтарымен әлі күнге дейін еш байланыс орнатпаған. Бірақ еліміздің білім-ғылым жүйесімен танысып, екіжақты тәжірибе алмасуға ниетті екендігін жеткізді.

Талқылау