Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай мафиясының серкесі түрмеден шыққанын тойлатқаны үшін қайта қамауға алынды (видео)

52 жастағы қытай  мафиясының серкесі Чен Юз  (Cheng Youze) бостандыққа шыққанын дүркіретіп атап өткені соншалық, осы әрекеті үшін қайта қамауға алынды.

қытайлық

Бұл туралы South China Morning Post басылымы жазған.

Юз заңсыз құмар ойындарын ұйымдастырып, басқарғаны үшін алған жеті жылдық жазасын, Қытайдың солтүстігіндегі  Шансьи провинциясындағы қатаң тәртіптегі абақтыда өтеп шыққан еді. Юзді түрмеден Hummer, Range Rover көліктеріне жайғасқан жүзден аса адам мен отыз «мерседес» күтіп алған.

Жазасын өтеп шыққан Юзді күтіп алғандар сол жерде-ақ  оның бойындағы зиянды заттарды қуу мақсатында отшашу ұйымдастырған. Осыдан кейін жақын жердегі  бес жұлдызды мейрамханада көңілді кеш ұйымдастырған.

Болған жайтты жергілікті полиция жіті бақылап отырған. Үш күннен кейін тәртіп сақшылары оны  «қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін» тағы тексеріп, оны тергеуге алып кеткен.

Юз абақтыға екінші рет қамалып отырған жоқ. Ол бұған дейін де талай мәрте бас бостандығынан айрылған. Десе де, қанша ұзақ мерзімге жабылмасын жолын тауып ерте бостандыққа шығады. Қылмыс әлеміндегі абыройының күштілігі сонша өзге қалталылар оған үнемі қомақты сомада қаржы беріп, кәсібін жалғастыруға жағдай жасап тұрады екен.

 

Талқылау