Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

 Қытай «Қорғастағы» базарға сақалдылар мен оранғандарды кіргізбей жатыр

Қытай билігі Қазақстан мен шекарадағы  базарға сақалдыларды кіргізбейтін болды.

Алматы облысының тұрғыны Азамат Жылқыбаев өзінің тауар сатып алу үшін «Қорғас» бекетінен Қытайға қарай өте алмай қалғанын айтқан. Оның сөзінше Қытай тарапы  сақалды, оранған адамдарды мүлде өткізбей жатыр екен,-деп жазды sputnik Қазақстан басылымы.

Алматы облысы тұрғынының сөзінше  сауда орталығына баратын жолдағы жаяу өткелге сәуір айынан бастап, Қытай әскері азаматтарды қатаң тексеруді бастаған.  Олар көліктер мен жеке тұлғаларды барынша жіті тексеруден өткізеді екен.

Прокуратураның сөзінше бұл бақылау Синьцзян-Ұйғыр автономиясының  аудан басшылары қабылдаған шешім екен. Мақсаттары: халықаралық мәселеге айналған террорлық, экстремистік топтардың жолын кесу.

«Мұнымен қатар Қытай жағына қарай  адамдардың ұлты мен азаматтығына қарамастан сақал қойғандар мен оранғандар өткізілмей жатыр. Бұл дегеніңіз тауар айналымына айтарлықтай әсер етеді»,-дейді  Қазақстан қытай шекара қатынасы жайлы айтқан Жылқыбаев.

Оның сөзінше екі жақты келісімді қайта қарап, тауар айналымы мен сауда-саттыққа кедергісін келтірмейтін шара ойластыру қажет. Себебі мұндай тексеріс табиғи апаттар мен жұқпалы әрі қауіпті дерт тараған кезде ғана өолданысқа енгізіледі делінген.

Бұл ақпаратты ҚР бас прокурорының орынбасары Андрей Лукин де растады.

Өз кезегінде  Қытайдың ұлттық бас прокуратура өкілі Го Синван мұндай жағдайды бірінші мәрте есітіп тұрғанын айтты.

Ол бұл мәселені тараптардың кездесуінде шешілуі керектігін де атап өтті. Әрі Қытай мен Қазақстан шекарасындағы сауда орталығының жұмысын жақсартуға мұндай  жағдайлардың кедергі жасамауы керектігін ескертті.

Оқи отырыңыз:

Жұбайынан жұлдыз жасағысы келген Қайрат Нұртасқа әріптестері қарсы шықты

Бір топ бұзақылар Айдана Меденованың сән салонын талқандап кеткен (видео)

Жол апатынан кейін халықпен қайта қауышқан Ернар Айдар сахнада көз жасын тоқтата алмады

Ерке: Желіде Ерке, теледидарда Ерке, тойда мен халық жалығып кетеді ме деп қорқам

 

Талқылау