Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай коммунистері өлгендерді кең қабірлерге жерлеуге тыйым салды

Қытай билігі жемқорлықпен күресу жолында компартия мүшелері үшін жерлеу рәсімі кезіндегі ережелерді қатайтты.

pic_fb6c13e6a42b1161f330a58b35246a8f

Сурет Chinafotopress

Бұл туралы lenta.ru сайты хабарлайды.

Жаңа ереже қабірлерді сатып алуға да қатысты. Көптеген қабірлер шенеуніктер үшін бір шаршы метрден аспайтын ұлттық стандарттарды кеңейтіп жіберген. Сосын бейіттің басын сәндеу де жиі белең алып кеткен. Бұл өз кезегінде жемқорлыққа жол ашуы мүмкін.

15 жыл түрмеге жабылған Нанкиннің бұрынғы мэрі Джи Джианье жарты миллион юанға (76 550 доллар) аумағы 150 шаршы метр болатын қабір сатып алған. Бұдан кейін де көптеген басшылар бейіттерді сәндеткенмен, көпшілік біліп қояды өздерінің есімін жаздыртпаған.

ҚХР мемлекеттік кеңесі 2013 жылдан бастап осыған ұқсас жағдайларды доғару туралы шенеуніктерге ескерту жасаған. Басшылық сондай-ақ, қайтыс болғаннан кейін партия мүшелерін органдарға донор болуға шақырған еді. Сәйкесінше, шенеуніктер де өздерінің туыстары мен достарына осыны түсіндіруге міндетті. Өлгеннен кейін ереже орындалмаса, қатаң жаза қолданылады.

Жемқорлықпен ірі масштабтағы күрес 2012 жылы ҚХР билігіне Си Цзиньпин басшы болып келгеннен кейін күшейе түсті. Сол кезден бері 1000-ға жуық шенеунік партия тәртібін бұзды деп айыпталып жазаланған. Биылғы жылдың қаңтар айының өзінде 5459 басшы жазаға ілігіпті. Ал 2015 жылы партия тәртібіне бағынбаған 50 мың шенеунік жазасын алған.

Талқылау