Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай халық санының 90 миллионға өсіп кеткеніне күмән келтірді

Қытай халқының саны ресми статистикадағы көрсеткіштен 90 миллион адамға аз болуы мүмкін. Бұл шамамен Испания тұрғындарының санын (46 миллион адам) екі еселейді.

N4FfGBH6i6v2YpxP7EEOj54hM-h53CoV

Бұл туралы The South China Morning Post хабарлайды.

Мэдисондағы Висконсин университетінің ғалымы и Фусянь ұзақ уақытқа созылған зерттеуден кейін осындай қорытындыға келіпті. Ол өз мәліметтерін Пекин университетіндегі баяндама кезінде айтты.

Профессордың сөзінше, ҚХР-дың нақты саны – 1,29 миллиард адам. Бұл ретте ресми статистика 1,37 миллиард адамды көрсетіп тұр. Фусянь бұл ретте Қытайға туу санын шектеу керек емес, керісінше ынталандыру керек дейді. Бұл елде жасы 60-тан асқан адамдар әлем бойынша көп тұрады, шамамен 15,5 пайыз. БҰҰ есебінше ғасыр ортасында 500 миллион қытай бұл жас шектеуінен асып түседі. “Үкімет туу деңгейін артық бағалап, демгорафиялық өзгерістер жылдамдығын бағаламады” деді профессор.

Қытайдағы туу бойынша “Бір отбасы – бір бала” бағдарлау кампаниясы 1979 жылдан 2015 жылға дейін күшінде тұрды. Бұл бағдарлама алдына қойған мақсатын орындай алды. 2000 жылы 1 қарашада Қытайдағы бекітілген деңгей 42,5 миллион азаматқа асып кетті. Тағы 30 миллион адам құжаттары жоқ және жұмыссыз болғандықтан статистикаға ілінбей қалған.

Бірақ, бағдарламаның жағымсыз тұстары да болды: елде гендерлік теңгерімсіздік және халықтың қартаюы артып барады. Сонымен қатар көптеген қытайлар ұл бала өмірге келсе ғана оны аман алып қалатын селекция жүргізеді.

2015 жылдың 29 қазанынан бастап ел азаматтарының екі балалы болуына рұқсат берілді.

Оқи отырыңыз:

87 жастағы әжей немерелерінің қарсылығына қарамай парапланмен ұшты (видео)

Қытайлар қазақтың киіз үйінің қыр-сырын меңгеруге құмартып жүр

Жұрт сыртынан тамашалап тұрған теңіз арыстаны қыз баланы су астына сүйреп әкетті (видео)

Ғалымдар себебін түсіндіріп бере алмаған жұмбақтар

Талқылау