Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай Қазақстанның ауыл шаруашылық саласына 1,9 млрд доллар инвестиция құюға дайын

Қытай компаниялары Бейжіңнің жаңа “Жібек жолын” қалыптастыру бастамасы негізінде Қазақстанның 19 ауылшаруашылық жобасына 1,9 млрд доллар инвестиция салып қаржыландыруға ниет танытты. Бұл туралы ауылшаруашылық министрінің орынбасары Гүлмира Исаева хабарлап отыр.

1457371652_gallery_big_______2shutterstock_91868024

Сурет osmi.info

Zhogfu Investment Group компаниясы май өңдеуге 1,2 млрд доллар, Rifa Investment ет өндірісіне 200 млн доллар, қызанақ және томат пастасы өндірісіне Cofco конгломераты 80 млн доллар бөлуге дайын отырған көрінеді.

“Қытай компаниялары біздің ауылшаруашылық өндірісіне ерекше қызығушылық танытып отыр. Біз өзімізде өсіретін барлық өнімді Қытайға экспорттай аламыз”, – дейді Қазақстанның ауылшаруашылық вице-министрі Гүлмира Исаева.

Оның сөзінше, қытайлықтар әсіресе, әсерлілік пен өндіріс көлемін арттыруға бағытталған қазақстандық жобалар негізінде серіктес болуға ниетті.

“Мәселен біз Қазақстанда тауықтың басы мен аяқтарын тұтынбаймыз, ал бұл Қытайда жеңсік ас болып саналады”, – деді Исаева.

Талқылау