Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай кәсіпкерлері қазақтың қымызына қызығып отыр

Шығыстағы көршіміздің инвесторлары біздің елде бие сүтін өңдейтін зауыт ашуға ниетті екен. Бұдан бөлек, қытайлық бизнесмендер машина жасау және химия өнеркәсібіне ақша салмақшы. Кеше Астанада ЮньНань провинциясының күндері басталды.

мвмв

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Қытай тарапы кездесу басталмас бұрын келушілерге шәй ұсынып, ЮньНань провинциясының мақтанышын жарнамалап үлгерді. Бүгінгі қос жақтың кездесуінің басты мәселесі де осы шай бизнесі болатын. Ал қытайлықтар өз кезегінде біздің ұлттық сусынға қолқа салып отыр екен.

“Олар қымызға қатты қызығады. Олар Қазақстаннан қымыз шығарып, кәсіп етсек дейді. Әрине, одан бөлек біздің елдің бидайы мен ұнына да қызығады “, – дейді Қазақстан инвестициялық ынтымақтастық агенттігінің кеңесшісі Әділ Қыдырбеков.

Бұдан бөлек, машина жасау және химия өнеркәсібі саласында ынтымақтастық орнату көзделген. ЮньНань аймағында дәрі-дәрмек өндірісі жақсы дамыған көрінеді. Жалпы, ЭКСПО көрмесі аясында Қытайдың 23 аймағының күндері жеке-жеке аталып өтілмек.

“Бұрын Бейжің және Үрімші туралы ғана жақсы білетін болсақ, енді осы ЭКСПО көрмесі кезінде Қытайдың басқа да аймақтары туралы нақты ақпараттарды ала аламыз”, – дейді Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова.

Ең бастысы қос тараптың кәсіпкерлері серіктестікті дамытуға мүмкіндік алады. Кездесу соңында екі тарап бірқатар келісімдерге қол қойды. Қытайдың бұл аймағы жалпы 25 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция құюды жоспарлап отыр.

Оқи отырыңыз:

Халық банкі Қазкоммерцбанкті сатып алды

Елімізде жекешелендіру аясында 125,5 млрд. теңгеге 451 нысан сатылды

Келесі жылы ең төменгі зейнетақы өмір сүру минимумынан екі есеге артады

Келесі жылы ең төменгі зейнетақы өмір сүру минимумынан екі есеге артады

Талқылау