Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай ішімдігі әлемдегі ең қымбат алкогольді бренд деп танылды

Қытайдың Moutai шарабы Brand Finance жыл сайынғы рейтингсі бойынша әлемдегі ең қымбат алкогольді бренд деп танылды.

Безымянный

Сурет: etoday.kz 

Сарапшылар қытайлық брендті 5,7 милрд долларға бағалады. Екінші орынды 4,6 млдр доллармен Johnnie Walker шарабы иеленді. Шотландық виски алғаш рет 10 жылдан бері ең қымбат ішімдік статусынынан айырылған. Moutai брендінің бір жылдағы өсімі 1,3 млрд долларға жеткен. Ол уақытта Johnnie Walker шарабы 2015 жылмен салыстырғанда 1 млрд долларға арзандаған.

Алғашқы үштікті 2,8 млрд доллармен Hennessy конягы жалғастырады. Ең соңғы орында 263 млн доллармен William Lawson’s вискиі тұр. Рейтінгте барлығы 50 алкогольді ішімдік көрсетілген.

Қытайлық маркалар алғашқы ондықта үш орын алды. Америкалық Jack Daniel’s және Jim Beam шараптары 4-орын мен 20-орынға тұрақтады. Ресейлік шараптар рейтингте нәтиже көрсетпеді. Бесінші орынға 2 млрд долларға бағаланған Diageo компаниясына тиесілі Smirnoff арағы шықты.

Талқылау