Сәрсенбі
21.02.18
Алматы
19:33

Қытай императоры Пайғамбарымыздың (с.а.у.) даналығына таңғалып мадақ өлең жазған

Жексенбі, 21 Қаңтар , 2018 15:45

Император Чжу Юаньчжан Қытайды 1368 жылдан 1398 жылға дейін басқарып келген. Ол бүкіл елді жаулап алып, моңғолдық Юань династиясын күйреткен Мин әулетінен шыққан алғашқы әмірші.

Өзі мұсылман болмаса да, Чжу Юаньчжан Нанкин, Юньнани, Гуандун және Фуцзян елді мекендерінде бірнеше мешіттерді салуға әмір береді. Ол Нанкин елді мекеніндегі «Цзиньцзюе» мешітін қайта салдыртып, оның патшалығы кезінде көптеген қытай мұсылмандары (хуэй) қалаға көшіп келген, деп жазады islam.kz.

Оның әскерінде 10 мыңға жуық генералдар болған, олардың арасында: Чан Ючуан, Лян Ю, Дин Децсин, Му Йин, Фен Шень және де Ху Дахаи бар еді. Оның жұбайы – Ма ханшайымы, мұсылман отбасынан шыққан, ал өзі болса әу бастан Го Цзысин бастаған, мұсылмандардың көтеріліс жариялаған жасағының мүшесі болған еді.
Император Чжу Юаньчжан 100 сөзден тұратын ода – мадақ өлең жазып, өлеңінде Аллаға, Исламға және Пайғамбарымызға (с.а.у.) мақтау-мадақ айтқан. Ол бұл өлеңін салуға әмір берген барлық мешіттерге таратуды бұйырады.
Ода поэма қалпында жазылғын, әр шумақ 4 сөздерден (иероглифтерден) және 4 буыннан құрастырылған.
Ұсынылып отырған аудармада, поэманың мағынасын толық ашу мақсатында  алғашындағы тәртібі сақталмаған.

Жүз сөзден құралған мадақ өлең
Жаратқан кезден-ақ ғаламды,
Жазым ғып Батыстан сәлемді –
Құдайым келтірді өмірге
Нар тұлға – уағызшы адамды.
 
Қамтыған отыз бөлімді
Киелі Кітапты тапсырды.
Құдайдан келген нұсқаулық
Жаралған үшін – жолбасшы.
 
Әміршілердің Мырзасы,
Әулиелердің Тұлғасы,
Құдайдан алған демеумен,
Үмметін қоршап-қорғаған
Бес уақыттық намазбен
Жиһанға артып сенімін
Үмітін үнсіз торлаған.
 
Аллаға тартқан жүрегін,
Кедейге берген жігерін,
Қасірет келсе қорғайтын,
Түнектен жарық тастайтын,
Жан менен рухтың барлығын
Күнәдан аулақ сақтайтын,
Мейірім болған әлемге
Көшбасшы, жолға бастайтын –
Ежелден салған ұлы жол,
Зұлымдықты құрықтап
Күйретіп оны тастайтын.
 
Көзіндей мөлдір бұлақтың
Пәк, таза дінін танытқан.
Мұхаммад – Асыл да Ардақты,
Мейірбан және Данышпан!
(Тан Та Сен, Дашен Чен (2000), Чжэн Хэ және Оңтүстік Азиядағы Ислам, Оңтүстік Азияны зерттеу Институты, 170 бет.)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.02.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар