Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай футболдан әлем чемпионатын жеңіп алуға ниетті

Қытай үкіметі футболға шындап көңіл бөлуге кірісті. Олар 2050 жылға дейін елді нағыз футбол державасына айналдыруды көздеп отыр.

ымымыммы

Сурет els.hlbrdaily.com.cn

Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлайды.

Бірінші кезекте ел билігі мемлекеттегі футболға қызығушылық деңгейін көтермек. Қытай билігі 2020 жылы шамамен үлкен-кішісін қосқанда 50 миллион адам тұрақты түрде футбол ойнайды деп жоспарлауда. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін алдағы 6 жыл көлемінде мемлекет бойынша 60 мың футбол алаңын салып шықпақ. Ресми Бейжің 2050 жылы Қытайда әлемдік деңгейдегі футбол клубтары ойнайды деген үмітте.

Ертеректе, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин футболдан ерлер құрамасын әлем мықтылары қатарында көргісі келетінін айтқан еді. Оның айтуынша, Қытай құрамасы келесі әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шығып, кейін Қытай өзі де әлем чемпионатын өткізіп тіпті жеңіп алатын мемлекетке айналуы тиіс.

Қазіргі таңда Қытай ұлттық құрамасы ФИФА тізімінде 81-ші орында тұр. Соңғы екі жылда 16 орынға жоғарылаған. Қытай өз тарихында әлем чемпионатына бір мәрте ғана, 2002 жылы қатысып, өз тобынан шыға алмаған болатын.

Талқылау